Жылу энергетикасы жүйесін заңнамалық реттеу
Біздің еліміздің өңірлері сыртқы ауа температурасы мен жылыту кезеңінің ұзақтығымен күрт ерекшеленеді. Республиканың солтүстік аймақтарында қыс мезгілінде сыртқы ауа температура минус 40-50 градусқа дейін төмендейді. Жылумен қаматамасыз етуде сенімді қызметіне қол жеткізу, ұйымдардың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысы және Қазақстан халқының өркениетті өмірі үшін маңызды қажеттілік болып табылады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының «Жылу энергетикасы туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII Заңы күшіне енді. Заң коммуналдық және өндірістік қажеттіліктерге жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ жылу энергетикасы саласындағы жылумен жабдықтау және мемлекеттік реттеу жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуын реттейді.
Заңда мемлекеттік органдардың құзыреті, Жылу энергетикасы саласында мемлекеттік және өндірістік бақылауды жүзеге асыру тәртібі айқындалған. Мемлекеттік және өндірістік бақылау, тариф белгілеу, жылумен қамтамасыз етуші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы шарттық қатынастар, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігіне қойылатын талаптар мәселелері реттеледі.
Заң Жылу энергетика органдарына күзгі-қысқы кезеңде жанармай қорының бекітілген нормативтерін сақтауға нұсқама береді. Бұдан басқа, жылумен жабдықтау субъектілерінің жылыту маусымына дайындық паспортын алу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалар өзгертілді. Сондай-ақ энергия беруші ұйымның бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген.
Осылайша, жылу энергетикасы туралы заң елдің энергетикалық жүйесінің тиімді және орнықты жұмыс істеуіне ықпал етеді, жылумен тұрақты және қауіпсіз жабдықтауды қамтамасыз етеді, қызметтердің сапасын жақсартады және экологиялық тәуекелдерді азайтады.
Законодательное урегулирование системы теплоэнергетики
Регионы нашей страны резко различаются по температуре наружного воздуха и продолжительностям отопительного периода. В северных регионах республики в зимний период температура наружного воздуха нередко снижается до минус 40-50 градусов по Цельсию. Доступ к надежной услуге теплоснабжения, является жизненно важной необходимостью для функционирования организаций, работы промышленных предприятий и цивилизованной жизни населения Казахстана.
В сентябре текущего года вступил в действие Закон Республики Казахстан от 8 июля 2024 года № 120-VIII «О теплоэнергетике». Закон регулирует общественные отношения, возникающие в процессе производства, транспортировки, реализации и потребления тепловой энергии на коммунальные и производственные нужды, а также качественного функционирования и развития систем теплоснабжения и государственного регулирования в области теплоэнергетики.
Законом определена компетенция государственных органов, порядок осуществления государственного и производственного контроля в области теплоэнергетики. Регулируются вопросы государственного и производственного контроля, тарифообразования, договорные отношения между теплоснабжающими организациями и потребителями, требования к энергосбережению и энергоэффективности.
Закон предписывает органам теплоэнергетики о соблюдении утвержденных нормативов запасов топлива в осенне-зимний период. Кроме того, изменены нормы, предусматривающие ответственность за нарушение субъектами теплоснабжения срока получения паспорта готовности к отопительному сезону. Также предусмотрена ответственность за ненадлежащее исполнение энергопередающей организацией мероприятий утвержденной инвестиционной программы.
Таким образом, закон о теплоэнергетике способствует эффективному и устойчивому функционированию энергетической системы страны, обеспечивая стабильное и безопасное снабжение теплом, улучшая качество услуг и минимизируя экологические риски.