Отопительный сезон в Алматы начнется раньше
Из-за резкого понижения температуры в Алматы по поручению акима Дархана Сатыбалды решено начать отопительный сезон досрочно, сообщает пресс-служба акима города.
«В связи с резким понижением температуры воздуха в Алматы, по поручению акима города Дархана Сатыбалды, принято решение начать отопительный сезон раньше обычного», - говорится в сообщении.
С 8 октября тепло подадут в социальные объекты – детские сады, школы и медицинские учреждения. Подключение жилых домов начнется с 10 октября.
После запуска тепла специалисты КСК и ОСИ проведут регулировку внутридомовых систем, обеспечив равномерный прогрев квартир.
«Подготовка к зиме завершена: сформирован аварийный запас материалов и оборудования. В зимний сезон 2025-2026 годов будут дежурить 16 аварийных бригад – всего 220 специалистов и 56 единиц техники», - заключили в акимате.
Алматыда жылыту маусымы ерте басталады
Алматыда ауа райының күрт суытуына байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын мерзімінен бұрын бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ерте бастау туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.
8 қазаннан бастап жылу ең алдымен әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептер мен медициналық мекемелерге беріледі.
10 қазаннан бастап тұрғын үйлерді қосу жұмыстары басталады.
Жылу берілгеннен кейін КСК мен ОСИ мамандары ішкі жылыту жүйелерін реттеп, пәтерлердің біркелкі жылытуын қамтамасыз етеді.
«Қысқы маусымға дайындық аяқталды: апаттық қор жасақталып, қажетті материалдар мен жабдықтар қамтамасыз етілді. 2025–2026 жылғы қысқы кезеңде 16 апаттық бригада – барлығы 220 маман және 56 техника бірлігі кезекшілік етеді», – деп қорытындылады әкімдік.