Алматыжылужайэнерго
Алматытеплокоммунэнерго

Альбом

Ремонт котельной «ЮВРК» 2026

Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандықта жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығында жабдықтардың сенімділігі мен жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта мамандар сорғы жабдықтарын ауыстыру, тиекті-реттеуші арматураны жөндеу және тексеру, химиялық су тазарту жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жылытқыштарды жөндеу, құбыр секцияларын ауыстыру, редукциялық қондырғыларды жөндеу, сондай-ақ қазандықтың негізгі және қосалқы жабдықтарында басқа да қажетті жұмыстарды жүргізуде.

Сорғы жабдықтарын жаңғыртуға және алдағы жылыту кезеңінде қазандықтың тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін технологиялық тораптарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде.

Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.

Жөндеудің әрбір кезеңі — Алматы тұрғындарын тұрақты жылумен қамтамасыз етуге қосылған үлес.

*

На Юго-Восточной районной котельной продолжаются плановые ремонтные работы

В рамках подготовки к отопительному сезону 2026–2027 годов на Юго-Восточной районной котельной ТОО «Алматытеплокоммунэнерго» продолжается комплекс плановых ремонтных работ, направленных на повышение надежности и эффективности работы оборудования.

В настоящее время специалисты выполняют замену насосного оборудования, ремонт и ревизию запорно-регулирующей арматуры, обслуживание оборудования химводоочистки, ремонт подогревателей, замену трубных секций, ремонт редукционных установок, а также другие работы на основном и вспомогательном оборудовании котельной.

Особое внимание уделяется модернизации насосного оборудования и ремонту технологических узлов, обеспечивающих стабильную и безопасную работу котельной в предстоящий отопительный период.

Все мероприятия выполняются в соответствии с утвержденным графиком и направлены на обеспечение бесперебойного теплоснабжения потребителей в осенне-зимний период.

Каждый этап ремонта — вклад в стабильное теплоснабжение жителей Алматы.