«Ақбұлақ» қазандығының қайта жаңғыртылуы аяқталуда: аудан тұрғындары үшін жылу мен жайлылық
Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан «Ақбұлак» қазандығы аудан тұрғын үйлерін жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп келеді. Ауқымды қайта жаңарту барысында ескі ғимарат толықтай бұзылып, оның орнына қазіргі заманғы техникалық және экологиялық талаптарға сай жаңа нысан салынды. Негізгі және қосалқы жабдықтар толықтай жаңартылып, қазандық жұмысының сенімділігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыратын автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.
Жөндеу жұмыстары кезінде ыстық су беру уақытша тоқтатылғанына қарамастан, қазір тұрғындар қайтадан ыстық сумен қамтылды. Бүгінде қайта жаңарту жобасы аяқталу сатысына шықты — тек соңғы әрлеу жұмыстары қалды. Коммуналдық қызметтер үшін басты қағида — тұрғындарға жыл бойы жайлылықты қамтамасыз ететін тұрақты әрі сапалы жылу жүйесін құру.
Завершается реконструкция котельной «Акбулак»: тепло и комфорт для жителей района
Котельная «Акбулак», расположенная в Алатауском районе города Алматы, обеспечивает теплом и горячим водоснабжением жилые дома района. В ходе масштабной реконструкции старое здание было полностью демонтировано, а на его месте построено новое сооружение, соответствующее современным техническим и экологическим требованиям. Полностью обновлено основное и вспомогательное оборудование, внедрена автоматизированная система управления, что значительно повысит надёжность и эффективность работы котельной.
Несмотря на временные неудобства в период ремонта, когда подача горячей воды была приостановлена, жители уже снова обеспечены горячим водоснабжением. Сегодня проект реконструкции вышел на завершающий этап — остаётся выполнить лишь финальные отделочные работы. Для коммунальных служб главным приоритетом остаётся создание стабильной и качественной системы теплоснабжения, которая гарантирует комфорт жителей в любое время года.