Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қаланың жылу энергетикасы жүйесінің негізгі нысандарымен танысты
Жұмыс сапары аясында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС-нің Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығында болып, нысанның 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.
1979 жылы пайдалануға берілген Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығы қаланың жылумен жабдықтау жүйесіндегі маңызды нысандардың бірі болып табылады. Қазандықтың орнатылған қуаты – 208 Гкал/сағат. Негізгі отын ретінде табиғи газ, резервтік отын ретінде мазут пайдаланылады. Қазандық 590 нысанды, оның ішінде 20 білім беру және 12 денсаулық сақтау мекемесін жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.
Жұмыс сапары барысында қала басшылығына қазандықты алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес жабдықтарға жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мамандар тиек арматурасына, сорғы жабдықтары мен электрқозғалтқыштарға тексеру және қызмет көрсету жұмыстарын жүргізіп, құбырлардың жекелеген бөліктерін ауыстыруда, технологиялық сыйымдылықтар мен шұңқырларды тазартуда, жылу оқшаулауын қалпына келтіруде және басқа да қажетті жұмыстарды орындауда. Барлық жөндеу жұмыстары мердігер ұйымдарды тартпай, қазандықтың өз жөндеу қызметінің күшімен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар қала әкіміне Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандығын дамыту перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Қазандықтың жылумен жабдықтау аймағындағы жылу энергиясы тапшылығын жою мақсатында орнатылған қуатты 40 Гкал/сағатқа ұлғайтуды көздейтін, қосымша су жылыту қазандығы мен қосалқы жабдықтарды орнату жөніндегі қазандықты жаңғырту жобасын әзірлеу жоспарлануда.
Жылумен жабдықтау нысандарын жылыту маусымына дайындау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.
В рамках рабочего объезда аким города Алматы Дархан Сатыбалды посетил Юго-Восточную районную котельную ТОО «Алматытеплокоммунэнерго» (ЮВРК), где ознакомился с ходом подготовки объекта к отопительному сезону 2026–2027 годов.
Юго-Восточная районная котельная, введенная в эксплуатацию в 1979 году, является одним из ключевых объектов теплоснабжения города. Установленная мощность котельной составляет 208 Гкал/час. В качестве основного топлива используется природный газ, резервного — мазут. Предприятие обеспечивает тепловой энергией 590 объектов, в том числе 20 объектов образования и 12 объектов здравоохранения.
В ходе объезда руководству города была представлена информация о проводимых мероприятиях по подготовке котельной к предстоящему отопительному сезону. В настоящее время на ЮВРК в рамках утвержденного графика проводится плановый текущий ремонт оборудования. Специалисты выполняют ревизию и обслуживание запорной арматуры, насосного оборудования и электродвигателей, замену отдельных элементов трубопроводов, очистку технологических емкостей и приямков, восстановление теплоизоляции, а также другие необходимые работы. Все ремонтные мероприятия выполняются собственными силами ремонтной службы котельной без привлечения подрядных организаций.
В ходе рабочего объезда также была представлена информация о перспективах развития Юго-Восточной районной котельной. В целях покрытия дефицита тепловой энергии в районе теплоснабжения ЮВРК планируется разработка проекта модернизации котельной с увеличением установленной мощности на 40 Гкал/час за счет установки дополнительного водогрейного котла и вспомогательного оборудования.
Подготовка объектов теплоснабжения к отопительному сезону ведется в соответствии с утвержденным графиком и направлена на обеспечение надежного и бесперебойного теплоснабжения потребителей в осенне-зимний период.